МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Мақтаарал ауданындағы су жайылған Өргебас ауылында бір адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Біз бұған дейін Мақтааралдың Өргебас ауылын су басқанын хабарлаған болатынбыз.
«194 үйлік Өргебас ауылы бүгін таңнан бері эвакуациялануда. ТЖД мамандары ауыл аралау барысында тізесінен жарақаттанып, жүре алмай қалған 1996 жылы туған Бақдәулет Бимурзаев атты тұрғынды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді» делінген хабарламада.
Ауыл тұрғынының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер денсаулығын тексеріп жатыр.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.