Ақпараттың анық-қанығын тексеру мақсатында, аудандықполиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Мақтаарал АПБ-ніңтәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізу барысында жергіліктітұрғынның үйі анықталды. Күдіктінің тұрғын үй ауласын қарап, тінту барысында үй алдындағы сарайдың артында, өсіптұрған 2 түп есірткі затына ұқсас жасыл түсті өсімдігі мен кептірілген түрлері,қолданған құралдары тәркіленіп алынды.
Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегібұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда, аталған есірткі затын қандай мақсатта өсіргендігіанықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.