АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жүк көлігі жол бойында атты малшыны қағып кетті. 28 жастағы малшы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Самара-Шымкент тасжолының Қарабұтақ ауылы маңында жүк көлігі атты адамды қағып кетті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 17-ақпан күні кешкілік болған.
«Ырғыз ауданынан Қарабұрақ ауылына қарай бағыт алған жүк көлігі 28 жастағы ер адамды қағып кетті. Ол жол маңылда мал бағып жүрген бақташы екен. Жараланған малшы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.