Хабарлама келіп түскен бойда іздестіру жұмыстары ұйымдастырылған. Оған ТЖМ, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары жұмылдырылған.
— Іздестіру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп, спутниктік байланыс терминалдары және Starlink жүйесі қолданылды, — деп хабарлады министрліктен.
Заманауи жабдықтардың көмегімен шалғай аумақта байланыс тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, барлық қатысушылардың іс-қимылдары тиімді үйлестірілді.
25 шілде күні таңертең іздестіру тобы жоғалған азаматты Көкбастау жайылымынан шамамен 15 шақырым жерде тапқан. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарушылар жайылымдарға және басқа да шалғай аумақтарға шығар алдында жақындарыңызға баратын бағытыңыз бен шамамен қайту уақытыңызды алдын ала хабарлауды ұсынады. Қуатталған ұялы телефон мен байланыс құралдарының болуы төтенше жағдайда іздестіру жұмыстарын едәуір жеңілдетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында 5 күн бойы айдалада қар жеп күнелткен малшы құтқарылғанын жазған едік.