Малайзиядағы сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Малайзиядағы № 423 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Фото: ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ

Малайзияда жүрген Қазақстан азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

№ 423 сайлау учаскесі белгіленген уақытта Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі аумағында жұмысын бастады.

Айта кетейік, Құрылтайдың алғашқы сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскелері Оңтүстік Корея мен Жапонияда ашылды. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ Құрылтай сайлауында дауыс беруге арналған учаскелер Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Шанхай, Сиань және Гонконгтағы ҚР бас консулдықтарында ашылды.