Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Мәлік Әбдіқадыровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, болашақта сәттілік тіледі.
Мәлік Әбдіқадыров қызмет атқарған кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар бағытқа жетекшілік етті.
Еске салайық, Мәлік Әбдіқадыров бұл қызметке 2026 жылғы 24 ақпанда тағайындалған еді.
Мәлік Әбдіқадыров «Қайнар» университетінде құқықтану мамандығы бойынша, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ ісі бойынша білім алған. Ұлыбританиядағы Абердин университетінде Құқық магистрі дәрежесін иеленген.
Ұзақ жылдар бойы облыстық прокуратурада қызмет етті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқармаларында басшылық қызметтерді атқарды, «Западная курна»-2 «Лукойл-Оверсиз» жобасы Ирак мемлекеті Басра қаласында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментін басқарды.
2020-2024 жылдары — Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Мұның алдында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.