Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жіберілді. Көлікте Ұлыбритания азаматтары - екі ересек адам мен 12 жастағы бала болған. Жер бедерінің күрделілігі мен топырақтың батпақты болуына байланысты көлікті шығару жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды.
Жүргізілген операция нәтижесінде құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен автокөлікті шығарып, оны бағыттың қауіпсіз учаскесіне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Осыған дейін құтқарушылардың Фурманов шыңынан аяғын жарақаттап алған туристі эвакуациялағаны туралы жаздық.