Маңғыстау әкімінің орынбасары қызметіне Ғалымжан Ниязов тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ғалымжан Ниязов 2000 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Полиграфиялық машиналар мен автоматтандырылған кешендер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы бастап, 2006 жылға дейін түрлі салаларда еңбек етті. Атап айтқанда, «ТұранМұнайГаз» ЖШС директорының орынбасары, «Оңды» ЖШС директоры, «Шебер» ЖШС директорының орынбасары, «Гранд» ЖШС атқарушы директоры қызметтерін атқарды.

  • 2006-2008 жылдары Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында іс жүргізуші-мұрағатшы, бас маман қызметтерін атқарды.
  • 2008-2010 жылдары Маңғыстау облысының құрылыс басқармасында бас маман, басқарма басшысының орынбасары болды.
  • 2013-2014 жылдары Қызылорда облысының құрылыс басқармасында бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
  • 2014 жылы Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
  • 2016 жылдың ақпан айынан бастап «СК-Фармация» ЖШС-де бөлім бастығы, директоры қызметтерін атқарды.
  • 2017 жылы Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды.
  • 2017 жылғы 23 қарашадан бастап Ақтау қаласының әкімі қызметін атқарды.
  • 2020 жылдың маусым айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
  • 2022 жылғы 16 қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау ауданының әкімі қызметін атқарды.

Бұған дейін Ақтөбе облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жаздық.