Ақтөбе облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Басқарма басшысы қызметін Амангелді Қонақбаев атқарады. Ол еңбек жолын мұғалім болып бастады.

Ақтөбе облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарған Латып Әліби денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кетті. Бүгін басқармаға жаңа басшы тағайындалды.

— Амангелді Қонақбаев 1977 жылы Шалқар ауданында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «Орыс тілі мен әдебиеті», Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы мұғалім болып бастаған. Әр жылдары мектеп директоры, Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2018-2023 жылдары Шалқар ауданы әкімінің орынбасары болды. 2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін Ақтөбеде жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы тағайындалды. Басқарма басшысы қызметін Нұргелді Өтемұратов атқарады. Ол бұған дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.