Досжанов Аманкелді Асқарұлы 1976 жылғы 30 қазанда дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін бітірген.
Еңбек жолын тергеу бөлімшелерінде бастаған. Әр жылдары Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының ішкі істер бөлімін, Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімін және Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасын басқарған.
2018 жылдан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
2023 жылғы наурыздан бастап Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болды.
2026 жылғы қаңтардан бері Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының Тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейін Президент Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды.