Маңғыстау облысы ҰҚК департаментінің басшысы ауысты

АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform дереккөзі Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы ауысқанын хабарлады.

Фото: КНБ РК

Бұған дейін Маңғыстау облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы қызметін  Бақытжан Валениязов атқарған болатын. Оның орнына Атырау облысы ҰҚКД бастығы болған Серік Әміров тағайындалды.