Басылым Маңғыстаудың айрықша ландшафтарын, үнсіздік пен шексіз кеңістікті, сондай-ақ минималистік табиғи сұлулығын ерекше атап өткен.
Әлемнің әр түкпіріндегі әйгілі шөлдермен қатар аталу Қазақстанның табиғи әлеуеті халықаралық деңгейде жоғары бағаланатынын көрсетеді.
- Маңғыстау тек шөл аймағы ғана емес. Бұл – ежелгі өркениеттер ізі сақталған өлке, ғажайып шатқалдар мен ақтасты таулар мекені, рухани және экспедициялық туризм үшін бірегей кеңістік.
Мұндай халықаралық жарияланымдар Қазақстанды жаңа туристік бағыт ретінде жаһандық аудиторияға танытуға және елге келетін саяхатшылар санын арттыруға ықпал етеді, - деп жазды Kazakh Tourism-нен.
Айта кетейік, Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына қатынау жеңілдейді.