Прокурорлар 9 млрд теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болғандарды анықтап, удың қабылданған шаралар нәтижесінде 121 жауапты тұлға тәртіптік, 34 әкімшілік жауапқа тартты.
— Заң бұзушылықтарының басым бөлігі тауарлардың жоғары бағалануы, артық және қажетттілігі жоқ тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуды жоспарлау, бюджеттік өтінімсіз негізсіз қаражаттың бөлуі. Осыған ұқсас заң бұзушылықтары облыстың барлық қала мен аудандарда да болып отыр, — делінген хабарламада.
Осы бағытта жүйелі жұмыстар өз жалғасын табады.
Бұған дейін хабарланғандай, Шымкентте әлеуметтік төлемдерді жымқыру бойынша іс тергеліп жатыр.