АҚТАУ. KAZINFORM — Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне 102 нөмірі арқылы Ақшұқыр елді мекенінің 13 шақырымында 15 жастағы баланы ит талағаны жөнінде хабарлама түскен.
Ювеналды полиция тобының инспекторлары оқиға болған жерге барып, мән-жайды анықтап, баланың ата-анасына хабар берген.
— Иттің иесі табылып, оған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 407-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасақталды. Соған сәйкес, 10 АЕК көлемінде яғни, 39,320 теңге айыппұл салынды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін 15 жасар оқушыны ит талап, ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, елордада 19 жастағы жігіт атылып қалғанын жазған едік.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.