АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстаудау Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында кішкентай бала дәретхана шұңқырына құлап кетіп, өлімнен аман қалды.
Енді ғана аяқ басып жүрген сәби үлкендердің көзі ала бере ауладағы дәретхана ішін түсіп кеткен. Бұл оқыс оқиға 31 наурыз күні болды. Аталған ақпаратты өңірдің төтенше жағдайлар департаменті растады.
«Кеше күндіз сағат 13:12 кезінде Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылына шұғыл шақырту келіп түсті. Ауылдағы 2 орамда орналасқан үйдің ауласында орналасқан дәретхананың ішіне 2 жасар қыз-бала түсіп кеткені бойынша ақпарат хабарланды. Алайда шақырылған жерге жеткенге дейін, өз күштерімен құтқарылғаны белгілі болды», — деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Жанкелді Қаржан
2006-2010 ж.ж. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыды. Мамандағы - журналист. Еңбек жолын 2008 жылы «Орталық Қазақстан» газетінде бастап, 2010-2015 ж.ж. «Халық сөзі», «Алаш айнасы» басылымдарында еңбек етті. «Экспресс К», «Аrbat.media.kz», ақпараттық сайттарында жұмыс істеген. 2022 жылдан mangystaumedia.kz қызметкері, 2024 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі.