Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде қауіпті ауа райы құбылыстары күтіледі.
Абай облысында 25 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер, бұршақ, дауыл, тұман және секундына 23 метрге дейін жететін жел болжанады. Өңірдің бірқатар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында 25 шілдеде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, тұман және екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 27 шілде мен 1 тамыз аралығында аптап ыстық болып, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Ақтөбе облысында 25-27 шілдеде ауа температурасы 35... 39 градусқа дейін көтеріледі. 25 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында 41... 42 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. 26-27 шілдеде кей жерлерде 40... 43 градус болады. 26-31 шілде аралығында аптап ыстық сақталып, өрт қаупі жоғарылайды.
Алматы облысында 25 шілдеде таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында 25-27 шілдеде 40... 43 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі. Кей жерлерде ауа температурасы 35... 39 градус болады. Жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында 25 шілдеде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, тұман және екпінді жел күтіледі. Таулы аудандарда өте қатты жаңбыр жауады. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жамбыл облысында 25 шілдеде кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында 25 шілдеде облыстың шығысы мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында 25 шілдеде кей жерлерде ауа температурасы 41... 42 градусқа дейін көтеріледі. 26-27 шілдеде 40... 43 градус ыстық болады. Найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел болуы мүмкін. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қарағанды облысында 25 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей жерде бұршақ жауады. Жел күшейеді. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында 25-26 шілдеде 35... 38 градус ыстық болады. 27 шілдеде облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. 26-31 шілде аралығында аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында 25 шілдеде кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. 26 шілде мен 2 тамыз аралығында аптап ыстық жалғасады.
Маңғыстау облысында 25 шілде мен 1 тамыз аралығында қатты және өте қатты ыстық болады. 26-27 шілдеде ауа температурасы 43... 47 градусқа дейін көтеріледі. Шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Павлодар облысында 25 шілдеде жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында 25 шілдеге қараған түні және таңертең тұман түседі. Күндіз желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. 27 шілде мен 1 тамыз аралығында аптап ыстық күшейеді.
Түркістан облысында 25 шілдеде таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл және екпінді жел күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 26 шілде мен 2 тамыз аралығында қатты ыстық болады.
Ұлытау облысында 25-27 шілдеде ауа температурасы 35... 39 градусқа дейін көтеріледі. 26-31 шілде аралығында аптап ыстық сақталады. Өңірдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланған.
Астанада 25 шілдеде өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Алматыда 25 шілдеде өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Қала маңында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте 25 шілдеде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қатты ыстыққа байланысты табиғи өрт шығу қаупі жоғары болады.
Мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, күннің аптап уақытында далада ұзақ жүрмеуге және дауылды ескертулерді жіті бақылауға кеңес береді.
Осыған дейін Қазақстанда аптап ыстықтың жүкті әйелдерге әсері зерттелетіні туралы жаздық.