Маңғыстауда балықтан уланған төрт адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында балықтан уланған төрт адам жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Олардың үшеуі — ересек адам, біреуі — 9 жастағы бала.

Фото: otyrar.kz

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір үш ер адам мен 10 жастағы бала дәрігерлердің бақылауында. Барлығы жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте сағат 20:00–21:00 аралығында Мұнайлы ауданында бір отбасының төрт туысы отбасылық жиында балық жеген. Келесі күні кешке олардан ботулизмге тән алғашқы белгілер байқалған.

19 қыркүйекте олар Мұнайлы аудандық ауруханасына медициналық көмекке жүгініп, кейін облыстық ауруханаға ауыстырылған.

Ал медициналық көмекке кейінірек жүгінген 5 жастағы бала емін аяқтап, үйіне шығарылды.

Бұған дейін, Ақтауда балықтан уланып, ауруханаға түскен 9 жастағы баланың туыстары көмек сұраған еді.