— Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың бұйрығымен Светлана Дүмбайқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы болып тағайындалды, — делінген министрлік хабарламасында.
Светлана Дүмбайқызы 1967 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. 1988 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Қарақия ауданындағы № 8 орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып бастады. Әр жылдары физика пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие және оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, Ақтау қаласындағы Экономикалық лицейдің директоры қызметтерін атқарды.
2014–2021 жылдары Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы болды. 2021–2022 жылдары Маңғыстау облысының білім басқармасын басқарды.
2023–2026 жылдары Маңғыстау облысы бойынша «Ауыл» партиясының өңірлік құрылымдарында жұмыс істеді.
2026 жылғы мамырдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы болып тағайындалды.
Жалпы еңбек өтілі 36 жылдан асады. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.
Бұдан бұрын Әділ Құсманов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болғанын жаздық.