Маңғыстауда Бозжыра шатқалында визит-орталығының құрылысы басталды

Фото: Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

АҚТАУ. KAZINFORM - Жоба бойынша визит-орталықта саяхаттаушыларға барлық жағдай қарастырылады. Мұнда қонақ күту орталығы, этно-кафе мен глэмпингтер бой көтермек.

Аймақ тұрғындары жобаның басталғанына қуанып, бірауыздан қолдау білдірді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

— Көптен күткен кешеннің басталғанына өте қуаныштымыз. Маңғыстау экономикасы енді тек мұнайға емес, туризмге де арқа сүйей алады. Кешеннің салынуына қолдау білдіреміз. Мұнда жергілікті кәсіпкерлер де табыс табады, — дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Шәріп Ақжігітов.

Кешен құрылысы отандық инвестордың жеке қаржысына жүзеге асырылмақ. Жоба авторларының айтуынша, визит орталығы экологиялық талаптарға және тұрақты туризм принциптеріне толықтай сай келеді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

— Визит-орталық қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп жобаланған. Биологиялық тазарту жүйелері, қоқысты сұрыптап жинау, күн энергиясын пайдалану сынды шешімдер көзделіп отыр. Туристерге барлық жағдай жасау — басты мақсатымыз. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары мен құндылықтарын насихаттауға да мән береміз, — дейді жоба жетекшісі Сәуле Жаңабаева.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жобада 17 глэмпинг павильоны, 50 қонақүй бөлмесі, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық пен этно-кафе қарастырылған. Туристік кешен 2027 жылы пайдалануға берілмек.

Бұған дейін, Маңғыстауда Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толыққаны туралы жазған болатынбыз.