ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, берешек кәсіпорынға жүргізілген тексеру барысында анықталған. Жұмысшыларға 2026 жылғы мамыр және маусым айлары үшін жалақы төленбеген. Жұмыс берушіге заңбұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, кейін қарыз толық өтелген.
Сондай-ақ өңірде «Яссы Сервис» ЖШС-не жүргізілген тексеру кезінде үстеме жұмыс ақысын төлеу тәртібінің бұзылғаны анықталды. Инспекторлардың араласуынан кейін қызметкерлердің біріне 290 мың теңге төленген.
Министрлік жұмысшылар жалақыны уақтылы әрі толық алуға, еңбек шартының талаптарының сақталуына және еңбек құқықтарының қорғалуына құқылы екенін еске салады.
Жалақы кешіктірілген, жұмыстан заңсыз шығарылған немесе еңбек заңнамасы өзге де жолмен бұзылған жағдайда, жұмыс беруші орналасқан жердегі мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық департаментіне, соның ішінде eOtinish платформасы арқылы жүгінуге болады.
Бұған дейін, Ақтауда дәрігер пациентіне 3 млн теңге моральдық өтемақы төлейтін болды