Экологтар аумақта мониторинг жүргізіп, теңіз суынан зертханалық сараптамаға сынама алды.
Майлы дақтардың анықталғаны туралы ақпарат 8 тамызда түскен. Осыған байланысты Маңғыстау облыстық Экология департаментінің мамандары Аташ жағалауы мен оған іргелес Каспий теңізінің акваториясын тексерген.
— Мониторинг барысында теңіз суынан сынамалар алынды. Олар зертханалық зерттеуге жіберілді, — деп хабарлады Экология департаментінен.
Қазіргі уақытта Аташ аумағында және оған іргелес теңіз акваториясында мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр.
Ведомство мамандары теңізде жұмыс істейтін кеме экипаждарына, сондай-ақ айлақ иелеріне экологиялық талаптарды қатаң сақтау және мұнай өнімдерінің теңіз суына төгілуіне жол бермеу қажеттігін ескертті. Жағдай облыстық экология департаментінің бақылауында.
Бұған дейін, Маңғыстауда құтқарушылар жағалаудан қашықтап кеткен жұпқа көмектесті.