Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлердің көмегіне 37 бала жүгінген.
- Жедел-жәрдем қызметіне Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылы тұрғындарынан 31 қаңтар күні сағат 20:13 те шақыру түскен. Олар іш тұсының ауырсынуына шағымданған. Жедел-жәрдем қызметкерлері тұрғындарды тексеріп шыққан. Дәрігердің көмегіне жүгінген 37 адамның төртеуі, бір ересек пен 3 бала ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Қазір балабақша жабық. Құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда Мұнайлы ауданында 500 ге жуық оқушы мектеп асханасында картоп езбесін жеп уланған еді.
Сондай-ақ Маңғыстауда астан уланған оқушылардың ісіне қатысты сотта тың деректер шықты.