«Тамақтану мәселесіне байланысты оны ұйымдастырған кәсіпкерлердің жауапкершілігі мәселесін үнемі көтеріп келемін. Нақты Маңғыстау облысы бойынша тамақтандырумен айналысқан кәсіпкер мектептен аластатылды. Менің білуімше, бұдан былай бұл кәсіпкер ешбір мектепке араласуына шектеу қойылды. Одан бөлек, тиісті жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Білім басқармасының басшысы жұмыстан кетті, әкім орынбасары жауапқа тартылды, оған қоса кәсіпкерлермен келісімшарт тоқтатылып, басқа кәсіпкерге алмастырылды», - деді министр.
Еске салайық, Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында бір мектептің 500-ге жуық оқушысы астан уланып қалды.
Олардың барлығы мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ішкеннен кейін ауырған.
Осы оқиғадан кейін бүкіл ел бойынша мектептердің асханасы тексерілетін болды.
Сондай-ақ Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 387 бала амбулаторлық ем алып жатса, 75 бала әлі де ауруханада екенін айтқан еді.