Сот мәліметінше, ер адам пробациялық бақылау талаптарын бірнеше рет бұзған. Ол тұрғылықты жерінде болмаған, бірнеше тәулік бойы үйіне келмеген және жұмыс істеу үшін басқа жерге кеткені туралы пробация қызметкерлеріне хабарламаған.
Сонымен қатар наркологиялық скрининг кезінде оның биологиялық сынамасынан есірткі затының белгілері анықталған.
Осыған байланысты пробация қызметі сотқа жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным енгізді.
Сот ұсынымды қанағаттандырып, сотталғанды сот залында қамауға алу туралы шешім қабылдады. Ол жазасының қалған бөлігін өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберілді.
Сот отырысына прокуратура өкілдері, пробация қызметкерлері және пробация есебінде тұрған өзге де тұлғалар қатысты. Көрсетілімдік сот отырысы барысында пробация талаптарын бұзудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Бұған дейін, Прокуратура 21 мыңнан астам маңғыстаулық спортшының құқығын қорғады.