Маңғыстауда теңіз жағалауынан өлген балықтар табылды
10:12, 08 Шілде 2025
АҚТАУ. KAZINFORM — Балықтардың өлекселері Түпқараған ауданы Баутин елді мекенінің аумағындағы жағалаудан анықталған. Тұрғындар шабақтардың арасында кефаль балықтары да бар екенін айтады.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, сынамалар алған.
— 7 шілдеде зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары өңірдің балық шаруашылығы басқармасының өкілдерімен бірлесіп қажетті зерттеулер жүргізу үшін сол жерге барды. Балықтың өлімінің ықтимал себептерін анықтау үшін, теңіз суын тексеру және сынама алу жүргізілді, — делінген хабарламада.
Бұған дейін, Ақтауда теңіз жағалауынан итбалықтың өлексесі табылған еді.
Ал, оған дейін АШМ итбалықтардың қырылу себебін жариялаған болатын.