Маңғыстауда теңіз жағасынан құстардың өлексесі табылды
АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен, Аташ және Баутин ауылдарының маңындағы жағалау аймақтарында мониторинг жұмыстары жүргізілген.
Фото: Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
Нәтижесінде құстардың өлекселері анықталған.
Фото: Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
- Аталған аумақты аумақтық инспекция, балық инспекциясы және табиғат қорғау полициясы қызметкерлері аралап шықты. Тексеру барысында жағалаудың әр жерінен 13 құстың өлексесі табылған. Олардың арасында үйректер, суқұзғындар мен шағала бар. Алайда, зертханалық талдау үшін үлгілер алу мүмкін болмады. Себебі, өлекселер бұзылып кеткен, - делінген хабарламада.
Аумақтық инспекция аудан әкімдігіне құстардың өлекселерінің қалдықтарын шығарып, жою жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама жіберген. Мониторинг жұмыстары әлі де жүріп жатыр.
Фото: Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан
Бұған дейін, Маңғыстауда теңіз жағасынан итбалықтың 112 өлексесі табылған болатын.
Одан кейін, Маңғыстауда Кұлалы аралынан 71 итбалықтың өлексесі табылды.
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.