Маңғыстауда тірі қалған сарбаздың бірі Никита Удалов Оралға оралды

ОРАЛ. KAZINFORM — Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тірі қалған үш сарбаздың бірі, батысқазақстандық Никита Удалов туған жеріне келді.

Фото: udalov_52_yo/Instagram

Сарбазды 5 қазан күні әуежайда туыстары мен достары күтіп алды. 

Никита Удалов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында осынау қуанышымен бөлісіп, анасымен бірге түскен суретті жариялады. 
Әлеуметтік желі қолданушылары Оралға аман оралған сарбазға ізгі тілегін білдіріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын туысқандары Никита Удаловтың жағаға өзі шығып, аман қалғаны жөнінде айтқанын жазған едік.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Н.Удалов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.