Маңғыстауда «Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастады
АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстау облысында жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағы құрылды.
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығы
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығы
Бағдарлама аясында жастар қоршаған ортаны абаттандырып, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, сол үшін оларға еңбекақы төленеді.
Былтыр аталған жобаны орындауға 119 миллион теңге бөлініп, 1 637 жас жұмыспен қамтылған болатын. Ал биыл бағдарламаны жүзеге асыру үшін, жергілікті бюджет есебінен 256,8 миллион теңге бөлінді. Жоба аясында 2 888 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығы
Айта кетейік, жастардың жалақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақы - 85 000 теңге көлемінде болады. Жастар 2 немесе 3 маусымға бөлініп жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жасағының жастарына оқыту шаралары, кездесулер, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылмақ.
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығыФото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығы
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.