Маңғыстауға жыл басынан бері 215 мыңға жуық турист келген

Фото: Маңғыстау облыстық туризм басқармасы

АҚТАУ. KAZINFORM – Туристерге 6,5 миллиард теңгеге қызметтер көрсетілген. Биыл аймаққа келушілер саны әлдеқайда өсті. Статистикалық мәліметтер бойынша жыл басынан бері облысқа 214 907 турист ат басын тіреген. Оның 15 мыңға жуығы шетелдік, 200 мыңы отандық туристер.

Фото: Маңғыстау облыстық туризм басқармасы

- Туризмді дамыту - ел экономикасын дамытудың негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. 2024 жылы бірінші және екінші тоқсанда ресми статистикалық мәліметтер бойынша, өңірге Қазақстан мен шет елдерден 214 907 турист келді. Ал өткен жылдың осы кезеңінде 180 мыңға жуық турист келген екен. Демек биыл 35 мың адамға көп, - дейді Маңғыстау облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Жариева.

Фото: Маңғыстау облыстық туризм басқармасы

Мамандардың айтуынша, аймаққа келген туристердің көбі жаз айларында Каспий теңізінің жағалауында орналасқан демалыс орындарында демалғанды ұнатады. Ал, күз-қыс айларында туристік нысандар мен тарихи орындарға барады. Өңірде туристерді орналастыратын 100 ден астам қонақ үй бар.

Фото: Маңғыстау облыстық туризм басқармасы

- Қазір облыста 17 туроператор жұмыс істеп жатыр. Олар туристік өнімдерді қалыптастырып, ішкі туризмді дамыту бағытында 234 туристік маршрут қалыптастырды. Демалыс күндері тұрақты турлар ұйымдастырылып, туристерді тарту жұмыстары жалғасуда, - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Жариева.

Фото: Маңғыстау облыстық туризм басқармасы

Маңғыстауда бұған дейін Каспий теңізінің жағалауында туризмді дамытуға берілген 21 жер учаскесінің заңсыз болып шыққанын жазған едік.