Атап айтқанда, өңір ұстаздары «Еңбек ардагері» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «Орта білім беру ісінің үздігі», «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломдарымен, Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ еңбектегі жетістіктері жоғары мұғалімдерге 12 номинация бойынша облыс әкімінің «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен 500 мың теңге көлемінде біржолғы сыйақы табысталды.
Бірқатар педагог қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Сосновый бор» шипажайына жолдама алды.
Жалпы Маңғыстау облысында 188 мектеп жұмыс жасайды. Биыл 20 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Өңірде жалпы білім беретін мектебі жоқ 7 елді мекен бар.