Данияр Әлімбаевтың ісіне қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1 бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалған, соның нәтижесі бойынша іс сотқа жіберіледі. Ұсталғандар қамауға алынған. Жазадан ешкім құтыла алмайды», - деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 21 шілдеде Ақтау қаласының 6-шағынауданында Данияр Әлімбаевқа шабуыл жасалды. Көңілді және тапқырлар клубының бұрынғы мүшесінің санына пышақ сұғып алған. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Бұған дейін осы қылмысқа қатысты деген күдікпен үш адамның ұсталғаны хабарланды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды.