Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеороликте Маңғыстау облысына әскер жіберілгені туралы айтылады.
«Аталған чатта жария етілген хабарлама шындыққа жанаспайды. Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екендігін еске салады», - деп атап өтеді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы мен Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай енгізілді.