Маңғыстау oблыcтық caйлаy кoмисcиясы төрағасының орынбacары Исахан Сағынбаевтың айтуынша, 2021 жылдың 25 шілдесінде аймақта 10 ауылдық округте сайлау өткізіледі.
«Облысымызда сайлау ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз ететін 1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық, барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиями қызмет атқаруда. 25 шілде күні өтетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға 4 аудан қатысады», - деді ол.
Атап айтқанда Бейнеу ауданында Сарға, Есет, Төлеп, Сам ауылдық округтарының әкімдері сайланады. Аталған округтарда 5 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар саны - 2380 адам. Қарақия ауданында Құланды ауылдық округінің әкімі сайланады. Округта 1 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар саны –837 адам. Маңғыстау ауданында 4 ауыл әкімі сайланады, олар Жармыш аулы, Қызан ауылы, Онды ауылдық округі мен Тұщықұдық ауылдық округі. Онда 5 сайлау учаскесі болады. Сайлаушылар саны – 4040 адам. Түпқараған ауданы бойынша – 3 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар саны 6502 адам, Ақшұқыр ауылының әкімі сайланады. Барлығы 4 аудан бойынша 13759 сайлаушы қатысады.
«Бұл комиссиялардың жұмыстарын жүргізу үшін жалпы саны аумақтық сайлау комиссияларынан – 35, учаскелік сайлау комиссияларынан – 88 мүшелері тартылады.Сайлау науқанына дайындық бекітілген Күнтізбелік жоспардың аясында жүргізіледі», - деді Маңғыстау oблыcтық caйлаy кoмисcиясы төрағасының орынбacары.
Негізгі жұмыс - сайлауды тағайындау және ұйымдастыру аудандық деңгейдегі аумақтық сайлау комиссияларында атқарылады. Науқанның жалпы ұзақтығы - бір ай. Қорыта айтқанда, сайлау науқаны жоспарлы түрде жүргізіледі.
Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.
Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімерін тікелей сайлау қалай өтетіндігін 9 және ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.