«Қарулы Күштердің теңіз жаяу әскерлері бригадасының бөлімшелері тұрақты орналасу пунктеріне оралып жатыр», -делінген ведомство мәліметінде.
Төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты Маңғыстау облысы аумағына қойылған блокбекеттерде 390-шы теңіз-жаяу әскери бригадасы кезекшілік еткен. Қалаға кірген және шыққан көліктерге тінту жүргізіліп, жеке бас куәліктер тексерілді.