Жалпы салмағы 971 келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықтарды табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері тауып, 6 мамырда 18:00-де тәркіледі.
«224 бекіре етін Сайын Шапағатов ауылындағы үйлердің бірін тексеру кезінде таптық. Бұл факті Түпқараған аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінен.