Желідегі бейнеге қатысты Үстірт табиғи мемлекеттік қорығы басшысының міндетін атқарушы Жасқайрат Нұрмұхамбетов пікір білдірді.
«Итаю аңының таралу ареалы - Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Иран және Африка аумағы. Қазақстанда тек Маңғыстау облысында мекендейді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануар. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында кездеседі және қорғалады. Бейнеде Маңғыстаудың нақты қай жерде түсірілгені белгісіз», - дейді Жасқайрат Нұрмұхамбетов.
Итаю - сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Үстіртте бірен-сараң кездеседі. 1983 жылдан бастап 10-15 аң есепке алынған. Қазақстандағы саны бірнеше ондықтан аспауы мүмкін.
Фото: inaturalist.org