Маңғыстауда бірнеше мал ұрлығына қатысты қылмыс ашылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында мал ұрлығына қатысты 3 қылмыс ашылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде Жаңаөзеннен - бір, Мұнайлыдан - бір, Бейнеуден бір қылмыс тіркелген. Бұл «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ашылған.

Мұнайлы ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Түрікменстан Республикасының ҚК-нің 229-бабымен мал ұрлығы қылмысы бойынша іздеуде жүрген бір қылмыскерді ұстады.

Профилактикалық шара барысында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автомашиналарға тиісті құжаттардың бар-жоғы мәніне тексеру ұйымдастырылған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 406-бабы, яғни Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес барлығы -34 хаттама толтырылған: Ақтау - 6, Жаңаөзен - 5, Мұнайлы - 3, Қарақия - 4, Түпқараған - 4, Маңғыстау - 6, Бейнеу - 6.

Сонымен қатар, Маңғыстау ауданында болған мал ұрлығына қатысты қылмыс ашылды.