Соққы салдарынан «Газель» жолаушылар көлігі жолдың шетіне шығып кеткен. Қайтыс болған төрт адамның бәрі бір отбасының мүшелері. Жарақат алған тағы жеті адам ауруханада жатыр.
Аталған жайт бойынша Маңғыстау облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатына кінәлі жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.