Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ауыр жарақат алған 1964 жылы туған көлік жүргізушісі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оның Қарақия ауданы Құрық ауылының тұрғыны екені анықталды.
«Жол-көлік оқиғасы шамамен кеше кешкі сағат 19:15-те «Ақтау – Құрық» тасжолында болған», - деді ПД Тілдерді дамыту және ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибадуллаева.
Сондай-ақ, дәл осы «Ақтау-Құрық» тасжолында «Renault Sandero» маркалы автокөлігі кеше кешкі саған 20:00 шамасынла жылқыны қағып кеткен. Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
Айта кетсек, өңірде жыл басынан бері көліктің жануарлармен соқтығысуының 12 дерегі тіркелген.