«Руxы биік, тұлпары жүйрік талай шабандоздар шыққан маң мекен бүгінде ел мақтанышына айналды. Қойнауы кенге, күмбірі әнге толған қарт Каспийдің жағасы - мұнайшылар мен балықшылардың, чемпиондар мен зияткерлердің, кәсіпкерлер мен сапалы мамандардың бірлігі ұйысқан ордасы. Дәл осы бейнеүндеумен #МенМаңғыстауменМақтанамын атты эстафетаны еліміздің түкпір-түкпіріндегі және шет елдегі маңғыстаулықтарға жолдаймыз. Өз еліңнің және туған жеріңнің шынайы патриоты бол!», - делінген хабардамада.
19:04, 26 Шілде 2018
Маңғыстауда өңірден жырақ жүрген жерлестеріне бейнеүндеумен эстафета жолданды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мен Маңғыстаумен мақтанамын! Осындай эстафета еліміздің түкпір-түкпіріндегі және шет елде жүрген маңғыстаулықтарға жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.