Маңғыстауда өз ұлын өлтірген анаға қатысты тергеу басталды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда өз ұлын тұншықтырып өлтірген анаға қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру), 2-тармағы бойынша бойынша іс қозғалып, айыпталушы қамауға алынған.

Осы оқиға бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, осыдан 1 күн бұрын жаға ұстатарлық жағдай тіркелген болатын. Үйінде анасы ұлын жылытқыш батареяға аяқ-қолынан байлап, тұншықтырып өлтірген. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 5 шағынаудандағы 3-үйде болған.   

Қайтыс болған бала 10 жаста. Қаладағы №7 мектептің 3 сыныбында оқыған.

Көршілерінің айтуынша, келіншек күйеуінен ажырасқан. Бірақ, ол әкесімен жолығып тұрған. Соңғы 2 айда әйел жиі айғай-шу шығарып, мектепте мұғалімдермен сөзге келісіп қалатын болған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті оқиға орнында ұсталған. Ешқандай қарсылық көрсетпестен, бар кінәсін мойындаған.

 

Соңғы жаңалықтар