Маңғыстауда ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтан көптеген қару-жарақ тәркіленді - ҰҚК

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында арнайы операция кезінде ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен көптеген қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Ұлттыққауіпсіздік комитеті бірнеше ай көлемінде ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесеотырып, Маңғыстау облысының криминогендік ахуалына елеулі әсері бар ұйымдасқанқылмыстық топтарға қатысты жедел тексеру іс-шараларын жүзеге асырды.

Жүргізілген іс-шараларнәтижесінде ұйымдасқан топ мүшелерінің ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оныңішінде адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау, қарақшылық шабуыл жасау және басқа дафактілерге қатыстылықтары анықталып, құжатталды», делінген хабарламада.

29 шілдеде ҚР ҰҚКмен ҚР ІІМ ауқымды арнайы іс-шараны өткізіп, Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлыауданында бір мезгілде төрт түрлі топтан 17 адам ұстады.

«Олардыңмекен-жайлары бойынша жүргізілген тінту жұмыстары барысында 3 дана тапанша мен1 дана дыбыссөндіргіш, 8 дана кесілген аңшы қаруы, 1 дана «Сайга» карабині, 1дана ұсақ калибрлі винтовка, 5 дана травматикалық тапанша, 218 дана оқ-дәрі,түрлі суық қарулар (пышақтар, кастеттер және т.б.) табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді»,делінген хабарламада.

Баспасөз қызметініңхабарлауынша, ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ қызметкерлерінен құрылған ведомствоаралық жеделтергеу тобы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетсек, ҚР Бас прокуратурасы 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастағанын мәлім еткен еді.

Соңғы жаңалықтар