Мансұр Хабибулла Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орын алды

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мансұр Хабибулла Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Мансұр Хабибулла 62 келі салмақта ел намысын қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, үшінші орын үшін өткен белдесуде Хабибулла Алжир спортшысы Бесо Абдельмалекпен күш сынасты. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты.

Жібек Құлымбетова Ислам ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Ажар Салықова Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі.

Мариан Журавлева Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Ислам ойындарында үшінші орын алды.