«Өкінішке қарай, бүгінгі таңда синтетикалық есірткінің таралу ауқымы ұлғайып келе жатыр. Сондай тенденция бар. Былтыр 14 келі синтетикалық есірткі тәркіленсе, биыл 105 келі тәркіленді. Оның үстіне біздің еліміздің аумағында да көлеңкелі зертханалары пайда бола бастады. 8 айдың ішінде 33 осындай зертхана мен есірткі притоны жойылып, 11 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді», - деді министр.
Ведомство басшысы қазір министрлік аталған жағымсыз құбылысты қалай ауыздықтау керектігін ойластырып, зерттеп жатқанын атап өтті.
«2020 жылы заңнамаға есірткіні жарнамалау бойынша қылмыстық бап енгіздік. Соның арқасында 8 айдың ішінде 1772 есірткі сайтын бұғаттадық. Біз мұндай әрекетті ауыр қылмыс санатына жатқыздық. Соның аясында өте ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ ондай қылмысты ашу өте қиын. Өйткені ол сайттар ел аумағынан тыс жерден жұмыс істеп тұрған болуы мүмкін. Бұл проблемаға ескі тәсілмен келсек, жұмысызға кемшілік болып тиер еді. Өйткені бізде ондай қылмыстар тіркелгенімен ашылмай қалуы ықтимал еді. Соның кесірінен ашылмаған қылмыстар саны артатын еді. 1772 сайтты бұғаттауымыз есірткі айналымының аясын тарылтып, көптеген келеңсіздіктің бетін алды деуге болады», - деді |Марат Ахметжанов.