«Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық дағдарыс орталығының дерегіне сәйкес, 2022-2023 жылдардағы жылу маусымы кезінде тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде 185 технологиялық ақау орын алды. Бұл негізінен инженерлік-коммуникация желілерінің тозуына байланысты болды», - деді Марат Қарабаев.
Оның атап өтуінше, жергілікті атқарушы органдардың жедел деректеріне сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 14 мың шақырымды құрады.
«Желілердің орташа тозуы – 54 пайыз. Бұл ретте, ең жоғары тозу Павлодар, Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталып отыр», - деді министр.