Мария Бровкова Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады

Фото: Фото: Владислав Семенов / ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Париждегі Олимпиада ойындарында байдарка мен каноэде есу бәсекесінде бақ сынаған Мария Бровкова жарысты аяқтады. 

Байдарка мен каноэде ескек есуден 200 метрге сынға түскен қазақстандық спортшы 48.43 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бесінші болып кесті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбайдың Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмағанын жазған едік. Сондай-ақ Азамат Дәулетбеков те алғашқы белдесуінде АҚШ балуанынан жеңіліп қалды.