Шара барысында Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 22 мыңнан астам дерегі анықталды, оның 6 мыңға жуығы жолаушылар тасымалы саласына тиесілі.
Жолаушылар мен жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
— Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік басқарудың 2 дерегі, мас күйінде басқарудың 4 дерегі және көлік құралын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізуші анықталды. Сонымен қатар қалааралық және халықаралық бағыттарда жолаушылар тасымалдайтын автобустарда орындарды заңсыз жабдықтаудың 63 дерегі тіркелді. 61 автобус арнайы айып тұрағына қойылып, 102 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді. Сондай-ақ 6 жүргізушіге қатысты көлікті мас күйде басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — делінген хабарламада.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығы — ең жоғары құндылық. Ішкі істер министрлігі барлық жүргізушіні, оның ішінде жолаушылар тасымалымен айналысатын азаматтарды заң талаптары мен қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
Айта кетейік, Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеген әйел 3 адамның өмірін қиды.