Масқара жағдай – ҚР ІІМ басшысы Заречный түрмесіндегі азаптау туралы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА 155/8 түзету мекемесіндегі азаптау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге мекемеішінде түсірілген 40 бейнежазба мен аудиофайл тексерілді. Оның екеуіндесотталушыларға қатысты қинау фактісі байқалады. Қалғандарында түрмеқызметкерлері өз қызметін асыра пайдаланған және колония әкімшілігініңтұтқындарды ұстау режимін бұзған», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкіметте тілшілергеберген сұхбатында.

Оның айтуынша,қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Алдағы екітәулікте сот арқылы бұлтартпау шарасы қолданылады деп ойлаймын. Бұл оқиғабіздің қылмыстық-атқару жүйесіндегі масқара жағдай болып отыр. Жақында ғанапенитенциарлық жүйемен тікелей айналысатын халықаралық сарпапшылардың,үкіметтің емес ұйымдардың қатысуымен жүйе жұмысын жақсарту үшін форум өткізіпедік», - деп атап өтті министр.

Сонымен бірге, олмұндай оқиғалардың алдын алу шаралары жөнінде айтып берді.

«Өзге мекемелердеЗаречныйдағы оқиға қайталанбауы үшін ұлттық превентивті механизм ұйымымен жәнеазаматтық қоғаммен бірлесіп, азаптау фактісі болған мекемелерге тексеружүргіземіз», - деді Е. Тұрғымбаев.

Бұған дейінәлеуметтік желілерде формадағы адамдардың тұтқынға жәбір көрсетуі туралы видеотараған еді. Бейнежазба қоғам наразылығын тудырды.

Салдарынанколонияның 7 қызметкері жұмыстаншығарылды.