IWF бас хатшысы Хосе Киньонестің айтуынша, жарысты өткізуге ниетті елдерден бірқатар лайықты өтінім түскен. Ол әлем чемпионатын ұйымдастыруға көптеген мемлекет қызығушылық танытып отырғанын және ауыр атлетиканың жаһандық деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.
Ресей 2022 жылдан бері алғаш рет олимпиадалық спорт түрінен ірі халықаралық жарыс өткізу құқығына ие болды. Мәскеуде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты бұған дейін үш рет — 1975, 1980 және 1983 жылдары өткен.
IWF мәліметінше, 2028 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Косовоның Приштина қаласында, ал жастар арасындағы әлем чемпионаты Венесуэланың Каракас қаласында өтеді. Сондай-ақ 2029 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионаты Үндістанның Ахмедабад қаласында болады.
Бұған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қытайдың Нинбо қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялағанын хабарлаған едік.