Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатына кімдер барады

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қытайдың Нинбо қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеті.

ауыр атлетика
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Әлем біріншілігінде жеті қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

Ұлттық құраманың тізімі:

Ерлер
75 келі: Петр Хребтов
85 келі: Алексей Чуркин, Едіге Емберді
95 келі: Нұрғиса Әділетұлы
110 келі: Артем Антропов

Әйелдер
77 келі: Аянат Жұмағали
86 келіден жоғары: Любовь Ковальчук

Айта кетейік, әлем чемпионаты 27 қазан - 8 қараша аралығында өтеді. Сонымен қатар байрақты бәсеке 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу алғашқы ресми кезеңі болмақ.

Осыған дейін Лос-Анджелесте ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылардың тізімін жарияладық.